July 21, 2016

Олимпиадалар, конкурстар

«Алтын сақа» олимпиадасы

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 27 ақпанда математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Астана қаласы білім беру мекемелерінің 4-5 сынып оқушылары қатысты.  Қатысушы 1500-тен астам оқушының арасынан жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Деңгейі жоғары деп танылған бірқатар оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Астана қаласы мектептерінің математика пәнінің мұғалімдері мен І орын иегерлеріне «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіт өзінің «Математика олимпиадасына дайындық бастамалары» атты кітабын сыйға тартты. Математикадан қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасын ұйымдастыру дәстүрге айналмақ.

DwTd6gdmL-A  ezjdTGf-Uy4  znZpyjxvo1I

“Алтын сақа” олимпиадасының сұрақтары (2016)

  1. Алтын сақа 5 сынып(2016) 
  2. Алтын сақа 4 сынып(2016)

 

  1. Алтын сақа 5 сынып 2017-2018
  2. Алтын сақа 6 сынып 2017-2018

 

 

 

«Математикалық шайқас» сайысы

2016 жылғы 10 ақпанда «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығында Астана қаласы мектептері арасында математикадан қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтауға арналған «Математикалық шайқас» өтті. Сайыс, сондай-ақ, Астана қаласының олимпиадалық құрама командасын қалыптастыруға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа Астана қаласының ең үздік мектептерінің оқушылары қатысты. Олардың арасында қалалық, аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары, “Жас математик” байқауының жүлдегерлері де бар. Бірнеше кезеңге созылған сайыс нәтижесі бойынша, «НұрОрда» халықаралық мектебінің құрамасы үздік деп танылды. Жеңімпаз командаға арнайы кубок табысталып, барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

IMG_2519    IMG_2507  IMG_2517

“Матфутбол” олимпиадасының сұрақтары (2016)

  1. Матбой(2016)