July 6, 2016

Орталық туралы

logos


«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы жол сілтеп, ата-аналар алғысына бөленіп келеді. Құрылғанына екі жыл болған «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы осы уақыт аралығында оқушыларға мектеп бағдарламасындағы барлық пән бойынша қосымша білім беріп, талабы таудай жас дарындардың білімдерін тереңдетуіне ықпал етуде. Орталықта білім алатын оқушылар мұғалімдердің тынымсыз еңбегі мен жан-жақтылығының арқасында биік белестерді бағындырып, олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпаздары атанып үлгерді.

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының негізгі ұстанымдары:

  • Оқушылар арасынан оқу алғырларын іріктеп, топтастыру. Солардың арасынан дарындыларын әр түрлі деңгейдегі (қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық) пәндік олимпиадаларға қатыстырып, халықаралық дәрежеге  жеткізу;
  • Шетелден келген қандастарымызды (Қытай, Монғолия, Иран, Өзбекстан және Еуропа қазақтары) Қазақстанның оқу бағдарламасына бейімдеп, алдыңғы қатарлы мектептер мен жоғары оқу орындарына түсіру.
  • Оқу үлгерімі нашар оқушылардың білімін зерделеп, деңгейін жоғарылату;
  • Ағылшын тілінен халықаралық стандарт (IELTS, TOEFL, SAT (Назарбаев университеті) бойынша даярлық. Ұстаздар – «Болашақ» бағдарламасымен Еуропадан білім алған түлектер.

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы халықаралық жоғары оқу орындарымен (University of Dublin – Ирландия, Bonn University – Германия, Royal London University –Ұлыбритания т.б.) және әріптес орталықтармен (Centre of English Study (Сes), Delphine English School – Ирландия, London English Centre – Ұлыбритания) тығыз байланыста.

Орталықтың ұстаздық құрамы:

  • Астананың алдыңғы қатарлы мектептерінің – Назарбаев Зияткерлік мектебі, Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, №73 физика-техникалық лицейі және №66 мектеп-лицейінің жоғары санатты ұстаздары(олардың ішінде Жоңгодан келген 30-дан астам білікті оралман ұстаздар бар);
  • Назарбаев университетінің біліктілігі мен білімі жоғары мұғалімдері;
  • Халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімдерін жетілдірген білікті оқытушылар.

Орталық алдағы уақытта мектепке дайындық, шетелдерен келген оқушыларды қазақстандық оқу жүйесіне бейімдеу, ҰБТ, кешенді тест, магистратура және әр түрлі сынақтарға бейімдеумен қатар, Америка, Ресей, Қытайдың мықты университеттеріне оқушыларды дайындауды көздеп отыр.

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының қызмет көрсету бағыттары:

  • Мектепке дайындық, бастауыш бағдарламасы бойынша қосымша білім беру;
  • Пәндік олимпиадаларға дайындық;
  • Ұлттық бірыңғай тестке, Назарбаев университетіне және кешенді тестке бағдарлы дайындық;
  • «Алтын белгі» үміткерлерін, «Үздік куәлік» иегерлерін жеңілдікпен дайындау;
  • «НИШ», «ҚТЛ», «Зерде» мектептеріне бағдарлы дайындық;
  • Күнделікті сабаққа дайындау және оқушылардың білім деңгейін тексеру;
  • Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға дайындық;
  • Жас мамандарды тәрбиелеу, сертификаттау;
  • Оқушылар мен жас мамандарға арналған қалалық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыру;
  • ҰБТ, олимпиадаларға және күнделікті сабаққа арналған арнайы материалдар дайындау және сату;
  • Тіл курстары (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілі, неміс тілі, француз тілі, жапон тілі, корей тілі) және шет тілдердің дәрежелік емтихандарына (TOEFL, IELTS, HSK) дайындық;
  • Білім беру мәселелеріне арналған кеңестер (шет елден келген қандастарды бейімдеу);
  • Мамандық таңдауға арналған арнайы сабақтар жүргізу, кеңестер беру, мамандық таңдауға көмектесу;
  • Психологикалық тренингтер ұйымдастыру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету.

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Астана қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 20/1 үй , «Теремок» тұрғын  үй кешені, 2 қабат

Байланыс телефоны: +7 778 000 95 25, +7 7172 48 25 25

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 40 үй, «Инфинити-1» тұрғын үй кешені

Байланыс телефоны: +7 778 698 92 05, +7 7172 48 32 32

Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 11

   Байланыс телефоны:  +7778 688 06 83,  +7(7172) 22 25 25