Мәңгілік ел – болашағымыздың бағдары

“Үздік педагог – 2017” атағының және ҚР Білім және ғылым министрлігі Құрмет грамотасының үш мәрте иегері, “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Ырысбек ағай Астана қаласы №10 мектеп-гимназиясының арнайы шақыруымен “Мәңгілік ел – болашағымыздың бағдары” атты апталық аясында ұйымдастырылған шараның қонағы болды. Жетістікке жету үшін тынбай еңбектеніп жүрген педагог оқушыларды олимпиадаға даярлаудағы ерекше әдістемесі мен логикалық қабілеттерін дамыту тәсілдері туралы баяндап берді. Кездесу барысында №10 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Егдирова Сәуле Айтқұлқызының шәкірттері қызықты сұрақтарымен өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. Мектеп әкімшілігі оқушылардың болашақта тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізіп, ұрпақты оқыту мен тәрбилелеуде үлес қосып жүрген білікті ұстаз Мәуіт Ырысбек ағайға ерекше ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *