«Математикалық шайқас – 2018» сайысы

12-13 мамыр күндері «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы мен №73 физика-техникалық лицейі бірлесе отырып Астана қаласы білім беру мекемелерінің ең дарынды оқушылары арасында «Математикалық шайқас» сайысын ұйымдастырды. 7-8 сыныптың үздіктері сынға түскен сайысқа республикалық, қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегер командалар дипломдармен марапатталды. Жоғары нәтиже көрсеткен «НұрОрда» мектебіне «Математикалық шайқас – 2018» кубогі табысталды.

І орын және кубок иегері – «НұрОрда» мектебі
ІІ орын – №82 мамандандырылған «Дарын» лицейі, Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің «Зерде-1» командасы және «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы
ІІІ орын – №73 физика-теxникалық лицейі, Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің «Зерде-2» командасы
Сайысқа белсене қатысқаны үшін №66 мектеп-лицейі мен №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейіне сертификаттар табысталды.

«Математикалық шайқас» сайысы биыл қатарынан үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Білімді оқушылар бәсекеге түсетін сайысты өткізу жыл сайын дәстүрге айналды. Жүлдегерлер саны да көбеюде. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ екендігін ескере отырып, сайысты ұйымдастыруға атсалысқан №73 физика-техникалық лицейінің ұжымына алғыс білдіреміз.

«Математикалық шайқас – 2018» сайысының тапсырмалары

Download (PDF, 347KB)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *