Құттықтаймыз!!!

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығында дайындалған 62 оқушы Назарбаев Зияткерлік мектебінің грант иегері атанды. Шәкірттеріміз ата-аналарының үміті мен ұстаздарымыздың еңбегін ақтады. Орталығымыздың ұстаздары біліктілігі мен мол тәжірибесінің арқасында жыл сайын ата-аналардың алғысына бөленіп келеді. 2015-2016 оқу жылында – 36 оқушы, 2016-2017 оқу жылында – 50 оқушымыз грантқа түскен болатын. Ал биыл одан да жоғары көрсеткішке (62 оқушы) қол жеткізіп отырмыз. Осы тұста республика бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар, оның ішінде ең жоғары 988 ұпай жинаған Суленов Темирлан атты оқушы біздің орталықтың түлегі деп мақтанышпен айта аламыз. Мерейімізді үстем етіп отырған шәкірттеріміз бен ұстаздарымызды шынайы еңбектерімен құттықтаймыз!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *