«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы, 3-4 сынып | Қорытынды

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының І, ІІ, ІІІ орын және Грамота иегерлерін құттықтай отырып, олимпиаданың марапаттау рәсіміне шақырамыз! Күні: 03 наурыз 2018 жыл Уақыты: сағ 10:00 Өтетін орны: №81 мамандандырылған «Astana English school» гимназиясы Мекен-жайы: Ілияс Омаров к-сі, 2 Байл.тел: +77786989205

Шәкірттеріміз – мақтанышымыз!

Назарбаев Зияткерлік мектебіне түскен грант иегерлерінің тізімі шығып, оқушыларымыздың жетістіктері үшін қуанып жатқан жайымыз бар. Орталығымызда дайындалған 50 шәкіртіміз үмітімізді ақтап, грант иегері атанды. Ата-аналардың үміті мен ұстаздырымыздың еңбегі ақталды деген осы. Былтыр 36 оқушымыз грантқа түскен болатын. Биыл одан да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Қабылданған оқушылардың үштен бірі біздің орталығымыздан деп мақтанышпен айта Read more about Шәкірттеріміз – мақтанышымыз![…]

Құттықтаймыз!

“Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының директоры, Математика ғылымдарының магистрі, Дарынды балаларға арналған “Зерде” мектебінің жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Рысбек Мәуітті қос шәкіртінің жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз. Шәкірттері – Серікболсын Мейрам және Бағдәурен Нарбаев Москва қаласында өткен ТМД елдірінің үздік оқушылары бақ сынасқан Халықаралық олимпиадада Бас жүлдеге (І дәрежелі диплом) ие болды. Әр елдің “мыңнан тұлпар, жүзден Read more about Құттықтаймыз![…]

Ораза айт қабыл болсын!

Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын Ораза айт мерекесі құтты болсын! Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа толы болсын! Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен тілеген тілектеріңізді қабыл етсін!!!

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының құрамасы жүлделі болды

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы және Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің ұйымдfстыруымен 13-14 мамыр күндері математика пәнінен өткен Халықаралық «Зерде» олимпиадасында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының құрамасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олимпиадаға 6 сынып оқушылары – Нурискенов Абылай, Жұмағазы Әбілнұр, 5 сыныптан – Арғын Айбарыс, Абдулла Әли, 4 сыныптан – Дүзелбай Алиxан, Аxметов Арғын, 3 сыныптан – Read more about «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының құрамасы жүлделі болды[…]

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет…..»

“Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет..” Астана қаласы №66 мектеп-лицейінде қызмет атқарып жүрген Әрін Қайса “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығы оқушыларының да сүйікті мұғалімі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, Математика ғылымдарының магистрі Әрін Қайсаұлы 2013 жылы өткен математика пәні мұғалімдерінің Республикалық сайысында ІІІ орын, “Астана қалалық жас мамандар арасында өткен презентация шебері” конкурсының І орын Read more about «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет…..»[…]

«Бүгінгі дарын иесі – егеменді еліміздің ертеңі…»

“Зерденің” қос жұлдызы Бағдәурен мен Серікболсынның бапкері Астана қаласына, республика көлеміне мәлім ұстаз – Рысбек Мәуіт. Салмақты да сабырлы, білім мен өнерді қатар алып жүретін ұстаздарынан шәкірттерінің алған тәлімі мол”, – дейді Дарынды балаларға арналған “Зерде” мектебінің мұғалімі, “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының білімді ұстазы Лида Асқарқызы өзінің “Бүгінгі дарын иесі – егеменді еліміздің ертеңі” атты Read more about «Бүгінгі дарын иесі – егеменді еліміздің ертеңі…»[…]

Астана қаласы химия пәні мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өтті

2016 жылғы сәуір айының 19-20 күндері «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы білім беру мекемелерінің химия пәні мұғалімдеріне арналған іс-тәжірибе алмасу, мұғалімдердің  кәсіби деңгейін арттыру, пән  олимпиадаларына оқушыларды дайындаудың жүйесі мен ҰБТ-те кездесетін күрделі есептердің шешу әдістерін үйрету   мақсатында 2016 жылғы сәуір айының 19-20 күндері Астана қаласы №66 Read more about Астана қаласы химия пәні мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өтті[…]