Мәуіт Ырысбек және шәкірті Мейрам Серікболсын Таңшолпан бағдарламасында қонақта

“Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының директоры, Дарынды балаларға арналған №9 “Зерде” мектебінің жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі, Математика ғылымдарының магистрі Ырысбек Мәуіт және шәкірті, Жәутіков атындағы ХІІ xалықаралық олимпиадасының Қола медаль иегері Серікболсын Мейрам Қазақстан ұлттық телеарнасы, Таңшолпан бағдарламасында қонақта болды.

«Зерделі» орталығы ұстаздарының шәкірттері жүлделі орындарға ие болды

Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «Зерделі» орталығы ұстаздарының шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаз иелері мен жетекші ұстаздарын құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!

Құттықтаймыз!

Астана қаласы білім беру мекемелерінің 4-5 сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен “Алтын сақа” олимпиадасында 66 мектеп-лицейі ұпай саны жағынан жоғары нәтиже көрсетіп, “Алтын сақа” кубогына ие болды. “Зерделі” орталығының директоры Рысбек Мәуітұлы осыған орай мектеп директоры Айтжан Ермұxанқызын арнайы құттықтап шықты.

Жүлделі жеңістеріңіз құтты болсын!

“Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі”. Математика ғылымдарының магистрі, №73 физика-техникалық лицейінің математика пәнінің мұғалімі Нұрланбек Табысты шәкірттерінің жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, шыңға шығар шәкірттеріңіз көп болсын!  

«Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

«Алтын сақа» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиадаға Астана қаласы білім беру мекемелерінің 4-5 сынып оқушылары қатысты. Қатысушы 1500-тен астам оқушының арасынан жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Деңгейі жоғары деп танылған бірқатар оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Ал олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Астана қаласы мектептерінің математика пәнінің мұғалімдері мен І орын Read more about «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды[…]

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады»

“Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады”. Таудай талабы бар жас дарындарға тәрбиемен қатар, білім беріп жүрген тәжірибелі ұстаз, Математика ғылымдарының магистрі Нұрғали Бәзікейді және шәкірттері – №73 физика-техникалық лицейінің оқушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!  

Құттықтаймыз!

“Зерде” мектебінің мақтаныштары, ата-анасының қуаныштары, жас математиктер Бағдаурен Нарбаев пен Серікболсын Мейрам және ұстаздары Рысбек Мәуітті жеңістерімен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын!