
Зерделі ұстаз-Нұрбай Нұрсапа
25 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Zerdeli.kz - Зерделі ұстаз-Нұрбай Нұрсапа
Құрметті достар, біз бүгін сіздерді «Зерделі» білім беру орталығының үздiк мұғалімдерінің бірімен таныстырғымыз келеді.
Химия пәні мұғалімі және Сәтпаев 18 бөлімінің атқарушы директоры Hұрбай Нұрсапа сол мықты ұстаздардың бірі.
Нұрбай ағайдың педагогикалық стажы 10 жыл, ал 2018 жылда педагог-мастер (шебер) атты мектептегі ең жоғары категория санатына ие болды.
2020 жылы БЖҒ министрінің құрмет грамматасының иегері;
2020 жылы қалалық үздік пән мұғалімі байқауының жеңімпазы;
ЕҰУ-нің Жаратылыстану ғылымдары Магистрі.
Шәкірттерінің жетістіктері:
Ұстаз Нұрбайдың оқушылары республикалық олимпиададан 1 алтын, 1 күміс, 7 қола медал иеленген;
Сондай-ақ, халықаралық ғылыми жоба сайысында 1 оқушы алтын медаль алған.
Мұғалім оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын шынайылықпен, оларға деген сеніммен арттырады деп ойлайды.
"Оқыту барысында ең бірінші шынайылық, табандылық, тұрақтылық, ізденгіштік қасиеттері өте маңызды." -Hұрбай Нұрсапа
"Зерделі"- сапалы білім мен үздік нәтиже кепілі.✅