
Зерделі білім орталығының директоры Рысбек Мәуіт Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мырзамен кездесті
26 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Zerdeli.kz - Зерделі білім орталығының директоры Рысбек Мәуіт Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мырзамен кездесті
Зерделі білім орталығының директоры Рысбек Мәуіт, Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мырзамен кездесіп, көптеген сұрақтарды талқылады.
Біріншіден, қосымша білім беру орталықтары және жеке меншік білім ұйымдары керек және халық өз таңдауы бойынша баласын оқыта беруі керек.
Екіншіден, бағалау жүйесіне өзгеріс керек. Әсіресе, тәуелсіз бағалау жүйесін қалыптастыру керек.
Үшіншіден, бір тұтас оффлайн оқу жүйесіне көше алмасақ, онлайн мен оффлайн кіріктірілген оқу жүйесін іске асырып көруге болады.
Төртіншіден, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды. Жаңартылған білім мазмұны кіруіне байланысты мұғалімдердің өздері де түсінбейтін семинарлар көп. Бірақ оқулықтардың өзгерісіне байланысты нақты өз кәсібінен дамытатын курстар керек.
2023 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу көзделген.
Министрдың айтуы бойынша, осындай кездесулер үнемі ұйымдастырылып тұрады.