
«Зерделі» қызметкері «Үздік пән мұғалімі» атанды
29 қараша. Нұр-Сұлтан. Zerdeli.kz – «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының қызметкері «Үздік пән мұғалімі» қалалық байқауының жеңімпазы атанды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК өткізген конкурста «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының атқарушы директорларының бірі, химия пәнінің мұғалімі Нұрсапа Нұрбай «Үздік пән мұғалімі» атағына ие болды.
Мектептің педагогикалық ұжымының кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік деңгейін арттыру, мұғалімдердің одан әрі кәсіби дамуына деген ынтасын арттыру мақсатында өткізілген конкурсқа 14 пән бойынша 238 мұғалім қатысқан.
Байқау қортындысы бойынша, әр пәннен жүзден жүйік шыққан бір ғана мұғалім «Пәннің үздік педагогі» атанған.
Нұрсапа Нұрбай осыған дейін де бірталай белестерді бағындырған өз саласының майталманы. Айталық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасының иегері. БҒМ вице министрінің, Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталған. Аудандық, облыстық олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі, Халықаралық химия олимпиадасының бақылаушысы, ҰТО-ның ҰБТ эксперті және тест құрастырушыларының бірі, Республикалық «Оқулық» орталығы конституциялық кеңесі мүшесі.